ХТО Еуразиялық Арбитраж күні 2023 жылдың 14 қыркүйегі

Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) Herbert Smith Freehills LLP халықаралық заң фирмасымен бірлесіп қатысушыларды 2023 жылдың 14 қыркүйегінде Астана қаласында өтетін ХТО Еуразиялық Арбитраж күніне (The IAC Eurasia Arbitration Day) қатысуға шақырады.

Жетекші саясаткерлер, ғалымдар, ішкі кеңесшілер, жеке кәсіппен айналысатын заңгерлер және арбитрлер Еуразиядағы бизнес үшін заманауи арбитраж тәжірибесінің мүмкіндіктерін, қиындықтарын және шешімдерін келесі төрт панель сессиясында талқылайды:

1. Заманауи бизнес-климатқа сай келетін халықаралық инвестициялық арбитраж;
2. Еуразиядағы арбитраж: статус-кво және болашаққа болжам;
3. Құқықтық даулар компанияның көзімен; және
4. Инвестицияларды қорғау: аймақтағы соңғы оқиғалар.

Сонымен қатар, ХТО «Халықаралық инвестиция құқығы» атты жаңа кітапты (ред. Н. Кондрашов, К. Панераи және И. Рачков) шығарады және талқылайды.

Күні: Бейсенбі, 14 қыркүйек 2023 жыл
Уақыты: Астана уақытымен 10:00 – 17:30
Тілі: Ағылшын тілі, орыс тіліне ілеспе аудармасы болады
Төлем талап етілмейді. Тіркелу бойынша қатысу тегін.
Өткізу орны: ХТО үй-жайлары, Дәріс залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/16, С3.1 жиынтығы, Астана, Қазақстан

Осы сілтеме арқылы тіркеліңіз.