13–15 қыркүйекте Халықаралық төрелік орталығында ХТО Еуразиялық төрелік күндері – 2023 конференциясы өтті.

13–15 қыркүйекте Халықаралық төрелік орталығында ХТО Еуразиялық төрелік күндері – 2023 конференциясы өтті. Іс-шара Herbert Smith Freehills халықаралық заң фирмасымен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Заң факультеттерінің студенттеріне арналған Орталық Азия ХТО Vis Pre-Moot төрелік конкурсты қоса алғанда, 2024 жылғы наурыздан бастап жыл сайын өтетін ХТО Еуразиялық төрелік жыл сайынғы апталығының алғышарты болды.

Шараға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа және Азиядан мемлекеттерінен келген 180 астам адвокаттар мен төрешілер, корпоративтік заңгерлер, төрелік практика саласындағы сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдары мен ғылыми топтарының өкілдері қатысып, Еуразия елдеріндегі заманауи төрелік практиканы, бизнес үшін мүмкіндіктерді, сондай-ақ мәселелер мен шешімдерді талқылады. Бұдан басқа, шара шеңберінде 2022 жылғы ХТО Төрелік және медиация қағидалары және АХҚО Сотында талқылауларда инвесторлардың атынан өкілдік ететін Заңгерлердің мінез-құлқының жаңа Кодексі бойынша тренингтер өткізілді. Сондай-ақ, «Халықаралық инвестициялық құқық» атты жаңа кітаптың шығарылымы туралы жарияланды (ред. Н.Кондрашов, к. Панерай, и. Рачков).

ХТО төрағасы Томас Крюммель: «Егер бұрын ХТО-ны және оның халықаралық төрелік пен әлемдік деңгейдегі медиациядағы рөлін бекіту бойынша бірлескен күш-жігер жұмсалса, бүгінде мұнда қатысушылардың арасында төрелік әлемінен, заң басылымдарынан, жоғары дәрежелі ғылыми топтардан, сондай-ақ біздің орталықтың пайдаланушыларынан құралған нағыз асылдар бар. ХТО – бұл болашақ. ХТО – бұл жақсы жаққа өзгеріс».

АХҚО Соты және ХТО 76 сот шешімін, 447 төрелік шешімді және 1748 медиативтік келісімді қамтитын 2271 коммерциялық істі шешіп, жүзеге асырды. Ең үлкен істің сомасы $330 млн құрады, ал істердің жалпы құны $686 млн асты. «Теңізшевройл» сияқты ірі энергетикалық корпорацияларды қоса алғанда, Қазақстанда бизнес жүргізетін 27 елдің инвесторлары АХҚО Соты мен ХТО-ны 7500-ден астам шартқа қосып, АХҚО Соты мен ХТО-ны өздерінің инвестициялық дауларын шешу үшін пайдаланды.

АХҚО Соты мен ХТО халықаралық коммерциялық дауларды шешудегі Еуразиядағы инвесторлардың таңдаулы орны болып қала береді. Осылайша, ХТО төрелік және медиация саласындағы беделінің артуымен Еуразия төрелігінің орталығы деп танылады.

ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ОРАЛУ