ХТО Еуразиялық төрелік аптасы–2024

Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) Herbert Smith Freehills LLP халықаралық заң фирмасымен бірлесіп, 2024 ж. 5–7 наурыз аралығында Астана қаласында өтетін жыл сайынғы ХТО Еуразиялық төрелік аптасы–2024 (IAC Eurasia Arbitration Week 2024) іс-шарасына қатысуға шақырады.
ХТО Еуразиялық төрелік аптасы–2024 — Еуразиядағы төрелік тәжірибесіндегі өзекті сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келген жетекші саясаткерлерді, ғалымдарды, корпоративтік заңгерлерді, жеке практика заңгерлерін және төрешілерді біріктіреді. Конференция – қатысушыларға өзара интеллектуалды әрекеттесуге, идеялармен алмасуға және әртүрлі заң топтарының сарапшыларымен қарым-қатынас жасауға арналған платформа.
Талқылауға арналған негізгі тақырыптар мыналарды қамтиды:
Еуразиядағы төрелік – өңірлік перспективалар;
Төрелік адвокаттар мен төрешілердің этикалық тәртібі;
Құқықтық дауларды шешудегі компанияның көзқарасы;
Төреліктегі жас заңгерлер;
сте жеңу үшін не қажет? Төреші пікірі;
Мемлекет тұрғысынан инвестицияларды қорғау және инвестициялық дауларды шешу;
Инвестициялық төрелік арқылы сыбайлас жемқорлықпен және алаяқтықпен күресу.
Сондай-ақ, ХТО Еуразиялық төрелік аптасы–2024 шеңберінде Н. Кондрашов, К. Панерай және И. Рачковтың «Халықаралық инвестициялық құқық» атты жаңа кітабының тұсаукесері болады. Кітап ағылшын және орыс тілдерінде қол жетімді және халықаралық инвестициялық құқыққа және онымен байланысты тақырыптарға қызығушылық танытқандар үшін құнды ақпарат көзі болады. Бұдан басқа, іс-шара аясында әлемнің 20 жетекші университеттерінің заң факультеті студенттерінің қатысуымен үш жыл бойы өткізіліп келген The IAC Vis Pre-Moot 2024 төрелік істер бойынша студенттік байқау өтеді.
Шара ағылшын тілінде өтеді (орыс тіліне ілеспе аударма қамтамасыз етіледі).
Шараға қатысу тегін. Тіркелу міндетті.
Өтетін орны: АХҚО Соты мен ХТО кеңсесі, Мәңгілік Ел даңғылы 55/16, Блок С3.1, Әйтеке Би Холлы, Астана, Қазақстан.
ХТО Еуразиялық төрелік аптасы–2024 конференциясына қатысу үшін тіркелуіңізді сұраймыз!