АХҚО Соты мен ХТО «IAC Chambers» атты өзінің соңғы бастамасын жүзеге асырды
АХҚО Соты мен ХТО 2022 жылдың маусым айында өзінің жаңа бастамасын жүзеге асырды. IAC Chambers Еуразиядағы «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қызмет ететін халықаралық стандарттар бойынша дауларды шешуге арналған қызметтерін көрсететін үздік орын болып табылады. Ол оффлайн режимінде де, онлайн режимінде де дауларды шешудің кешенді қызметтерін ұсынуды қамтамасыз етеді. Ол Сингапурдағы Maxwell Chambers және Лондон қаласында орналасқан Халықаралық дауларды шешу орталығы сияқты үздік халықаралық дауларды шешу орталықтарының кейпі бойынша қалыптасқан.
Ол халықаралық Нур-Султан әуежайынан 15 минут уақыт аралығында, АХҚО Соты мен ХТО аумағында орналасқан, және де ол заңгерлер мен іскерлік тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қауіпсіз, әлемдік деңгейдегі мамандандырылған және жеке кәсіби қолдау қызметтерін ұсынатын орын болып табылады.
Оның бөлмелерінің ішінде цифрлік техникамен толықтай жабдықталған сот және арбитраждық тыңдаулар және медиация өткізілетін залдар, сыйымдылығы 100 адамға дейін жететін дәріс залы, 14 конференц-залы және бизнес-лаундж бар.
Барлық конференц-залдар қауіпсіз жоғары жылдамдықты Wi-Fi-ға, бейнеконференция байланысына, проектор және экрандарға, тақта мен флипчарттарға, модератордың көмегін ұсынатын онлайн және оффлайн дауларды шешу тыңдаулары кезінде қолданатын жабдықтарға, eJustice цифрлік платформасы арқылы іс жүргізуге, заңгерлік қызметті қолдауға, баспа қызметтері мен құжаттарды паналы күйде сақтау қызметтеріне, жазбаша және ауызша аударма қызметтерін көрсетуге, дәйекті транскрипция қызметтеріне және нотариус қызметтеріне, кейтеринг ұсыну қызметтеріне, бес жұлдызды қонақ үйлерге жайғастыруға арнайы тарифті ұсынуға, әуе билеттерін брондауғағ көлікпен қамтамасыз ету қызметтеріне, Қазақстанға кіру үшін виза алуға көмектесу қызметтеріне және Қазақстан бойынша туристтік қызметтерін ұйымдастыруға қолжетімділікті қамтамасыз ете отыра, 20 және одан да көп адамды сыйдырады.
IAC Chambers жайлы толығырақ білгіңіз келсе және де қызметтерді брондау үшін, IAC Chambers командасымен поштасына хат жазыңыз, немесе телефон нөміріне қоңырау шалыңыз. booking.bcs@aifc-iac.kz / +7 (7172) 64 73 69
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмыс істей бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде беку болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Соты тәуелсіз институт болып табылады. Ағылшын жалпы құқығының қағидаттары мен нормаларына және озық халықаралық іс-тәжірибеге негізделген өзіндік процессуалдық нормалары бар. АХҚО Соты өз қызметін тәуелсіз атқарады және Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. Екі деңгейден тұрады: Бірінші инстанциядағы сот, оған ұзақ даулар соты ретінде белгілі мамандандырылған бөлімше және Апелляциялық сот кіреді. АХҚО шеңберінде жүзеге асырылатын қызметпен және операциялармен байланысты туындайтын дауларға қатысты және барлық тараптар АХҚО Сотына юрисдикция беруге жазбаша нысанда келісетін дауларға қатысты айрықша юрисдикцияға ие. Ол қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы қандай да бір дауларға қатысты юрисдикцияға ие емес. Істерді жүргізудің заманауи және тиімді әдістері қолданылады. https://court.aifc.kz/
Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) тәуелсіз институт болып табылады. Үздік халықаралық іс-тәжірибе үлгісі бойынша әзірленген өзіндік процессуалдық нормалары бар. Орталықта төрелік және медиация жолымен коммерциялық дауларды, соның ішінде мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетика, қаржылық қызметтер, банк ісі, ислам қаржылары, сақтандыру және зияткерлік меншік салаларында шешу бойынша көпжылдық тәжірибеге ие жетекші халықаралық төрешілер мен медиаторлардың өзіндік тізілімі бар. ХТО-ның төрелік шешімдері Қазақстан Республикасының аумағында және халықаралық деңгейде мойындалады және орындауға жатады. https://iac.aifc.kz/