ХТО Төрағасы, Барбара Доманн QC, Нур-Султан қаласында, ХТО-да өткізілген «Ашық есік күні» шарасында IAC Chambers-ті ұсынды.

ХТО Төрағасы, Барбара Доманн QC, Нур-Султан қаласында, ХТО-да өткізілген «Ашық есік күні» шарасында IAC Chambers-ті ұсынды. Бұл кездесуде АХҚО-ның Басқарушысы Кайрат Келимбетов, Ұлыбританияның елшісі Кэти Лич; жеті елшіліктердің және дипломатиялық өкілдіктердің елшілері мен өкілдері; Қазақстан Республикасының Әділет министрі Канат Мусин; Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының судьялары; халықаралық және жергілікті заң фирмаларының аға заңгерлері; және іскерлік топ өкілдері қатысты.

IAC Chambers халықаралық деңгейде оффлайн және онлайн форматта дауларды шешу аясында ауқымды қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді. Ол Еуразиядағы осындай қызметтерді көрсететін тұңғыш жоба болып табылады. Ол үздік халықаралық дауларды шешу орталықтарының кейпі бойынша қалыптасқан. IAC Chambers таңдаулы ғаламдық альянс - IAC Alliance-тың мүшесі болып кірді, ал бұл альянс дүниежүзі бойынша ең беделді альянс болып келеді. Альянстың басқа мүшелері болып Лондон қаласында орналасқан Халықаралық дауларды шешу орталығы, Сингапурдағы Maxwell Chambers және де Торонто қаласында орналасқан Arbitration Place келеді.

Дауласушы тараптарға тыңдауларды өткізу үшін нысандарға жайлы және бөгетсіз қолжетімділікті қамтамасыз ете отыра, бұл альянс ең үздік халықаралық дауларды шешу орталықтары мен арбитраждық мекемелерді біріктіреді. Бұл альянс арақашықтықты қысқарту, уақытты үнемдеу және дауларды шешудің баламалы әдістері арқылы дауларды шешу бойынша тыңдаулар мен іс жүргізуді жоспарлау және өткізуге қатысты басқа да мәселелер, жаһандық өзара әрекеттесу және дауларды біркелкі шешу үшін платформаны қамтамасыз етуге бағытталған.

ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ОРАЛУ