АХҚО Соты және ХТО Astana Finance Days 2023 аясындағы «АХҚО Соты және ХТО: Еуразиядағы дауларды тиімді және инновациялық шешудің жетекші орталықтары» атты іс-шараны өткізді.
АХҚО Соты және ХТО Astana Finance Days 2023 аясындағы «АХҚО Соты және ХТО: Еуразиядағы дауларды тиімді және инновациялық шешудің жетекші орталықтары» атты іс-шараны өткізді. Шараға 100-ден астам адам қатысты.
«Astana Finance Days 2023» конференциясы барысында АХҚО Соты мен ХТО өз пайдаланушыларымен өзара ықпалдасуды кеңейтуге, сондай-ақ коммерциялық дауларды реттеу және инвестициялар тарту орталығы ретінде Қазақстанның тартымдылығын үздіксіз арттыруға өз үлесін молайтуға бағытталған үш жаңа бастаманы іске қосты: Еуразияда АХҚО Соты мен ХТО-ның қызметін кеңейту бастамасы, IAC Chambers, АХҚО Соты мен ХТО-ның оқу орталығы.
«Біз инвесторлардың АХҚО Сотына және ХТО-ға коммерциялық дауларды жедел және экономикалық тиімді шешуге мүмкіндік беретін сенімді институттар ретінде сенуі артып келе жатқанына қуаныштымыз. Олар біз әрқашан заң үстемдігінің ең жоғары халықаралық стандарттарын ұстанатынымызға сенімді бола алады. Сот істерінің көлемі айтарлықтай артып келе жатқандықтан, біз инвесторлар арасында, соның ішінде белгілі әлемдік корпорациялар арасында халықаралық стандарттарды сақтай отырып, коммерциялық дауларды тәуелсіз және бейтарап шешу үшін жүгінуге болатын Еуразиядағы орын ретінде беделге ие болудамыз».
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмыс істей бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде беку болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Соты тәуелсіз институт болып табылады. Ағылшын жалпы құқығының қағидаттары мен нормаларына және озық халықаралық іс-тәжірибеге негізделген өзіндік процессуалдық нормалары бар. АХҚО Соты өз қызметін тәуелсіз атқарады және Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. Екі деңгейден тұрады: Бірінші инстанциядағы сот, оған ұзақ даулар соты ретінде белгілі мамандандырылған бөлімше және Апелляциялық сот кіреді. АХҚО шеңберінде жүзеге асырылатын қызметпен және операциялармен байланысты туындайтын дауларға қатысты және барлық тараптар АХҚО Сотына юрисдикция беруге жазбаша нысанда келісетін дауларға қатысты айрықша юрисдикцияға ие. Ол қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы қандай да бір дауларға қатысты юрисдикцияға ие емес. Істерді жүргізудің заманауи және тиімді әдістері қолданылады. https://court.aifc.kz/
Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) тәуелсіз институт болып табылады. Үздік халықаралық іс-тәжірибе үлгісі бойынша әзірленген өзіндік процессуалдық нормалары бар. Орталықта төрелік және медиация жолымен коммерциялық дауларды, соның ішінде мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетика, қаржылық қызметтер, банк ісі, ислам қаржылары, сақтандыру және зияткерлік меншік салаларында шешу бойынша көпжылдық тәжірибеге ие жетекші халықаралық төрешілер мен медиаторлардың өзіндік тізілімі бар. ХТО-ның төрелік шешімдері Қазақстан Республикасының аумағында және халықаралық деңгейде мойындалады және орындауға жатады. https://iac.aifc.kz/