АХҚО Соты мен ХТО «Халықаралық медиация орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігімен конференция өткізді.

АХҚО Соты мен ХТО «Халықаралық медиация орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігімен «Шетелдік және отандық инвесторлардың инвестицияларының қауіпсіздігін және бизнесте шарттық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету» тақырыбында конференция өткізді.

Қатысушылар инвестиция және бизнес саласында дауларды шешудің баламалы әдістерін енгізу мәселелерін талқылады. Кездесуге қазақстандық ұйымдар мен инвестициялық компаниялардың топ-менеджерлері жеке қатысты.

АХҚО Соты мен ХТО арбитраж және медиация арқылы 2100-ден астам істі шешіп, құны 2 миллиард АҚШ долларынан асатын 7500-ден астам іскерлік келісімшартқа қосылды. Tengizchevroil, NCOC, Shell және басқа да көптеген корпорациялар келісім-шарттарына АХҚО Cоты мен ХТО қосты. АХҚО Соты мен ХТО Еуразиядағы сенімді инвестициялық орталық ретінде АХҚО мен Қазақстанның дамуына үлес қосуды жалғастыруда.

ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ОРАЛУ