Назарларыңызға АҚШ Сауда министрлігінің Заң бойынша кеңесшісі Кристен Бауэр ханымның қатысумен IAC Chambers қызметін пайдаланушылардың соңғы пікір-шолуын ұсынамыз.
Назарларыңызға АҚШ Сауда министрлігінің Заң бойынша кеңесшісі Кристен Бауэр ханымның қатысумен IAC Chambers қызметін пайдаланушылардың соңғы пікір-шолуын ұсынамыз.
2023 жылдың наурыз айында өткен IAC Central Asia Vis Pre-Moot байқауында Бауэр ханым, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген 80-нен астам заңгерлер мен студенттер IAC Chambers қызметтерін пайдалануға мүмкіндік алды.
IAC Chambers АХҚО Соты мен ХТО аумағында Астанадағы Халықаралық әуежайдан небәрі 15 минуттық қашықтықта орналасқан. IAC Chambers әлемдік деңгейдегі сенімді және қауіпсіз орынжайларды, сондай-ақ дауларды шешу барысында заң және бизнес қауымдастықтарына мамандандырылған және дербестендірілген кәсіби қолдау қызметтерін ұсынады.
IAC Chambers орынжайлары алдыңғы қатарлы сандық технологиялармен жабдықталған тыңдау залдарынан, дәріс залынан, конференц залдарынан, сондай-ақ бизнес-лаундждан тұрады. IAC Chambers жоғары жылдамдықты Wi-Fi-байланысын, бейне және аудио конференцияларды өткізу, сонымен қатар құжаттарды басып шығару, оларды сақтау, аударма қызметтерін, сондай-ақ кейтеринг ұйымдастыруды қоса алғанда әкімшілік қолдау қызметтерін ұсынады.
IAC Chambers қызметтеріне қатысты барлық сұрақтар мен тапсырыстар үшін booking.bcs@aifc-iac.kz электрондық поштасына хат жолдаңыз, немесе осы түймені басыңыз.
Толық нұсқасын осы сілтеме арқылы көруге болады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмыс істей бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде беку болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Соты тәуелсіз институт болып табылады. Ағылшын жалпы құқығының қағидаттары мен нормаларына және озық халықаралық іс-тәжірибеге негізделген өзіндік процессуалдық нормалары бар. АХҚО Соты өз қызметін тәуелсіз атқарады және Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. Екі деңгейден тұрады: Бірінші инстанциядағы сот, оған ұзақ даулар соты ретінде белгілі мамандандырылған бөлімше және Апелляциялық сот кіреді. АХҚО шеңберінде жүзеге асырылатын қызметпен және операциялармен байланысты туындайтын дауларға қатысты және барлық тараптар АХҚО Сотына юрисдикция беруге жазбаша нысанда келісетін дауларға қатысты айрықша юрисдикцияға ие. Ол қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы қандай да бір дауларға қатысты юрисдикцияға ие емес. Істерді жүргізудің заманауи және тиімді әдістері қолданылады. https://court.aifc.kz/
Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) тәуелсіз институт болып табылады. Үздік халықаралық іс-тәжірибе үлгісі бойынша әзірленген өзіндік процессуалдық нормалары бар. Орталықта төрелік және медиация жолымен коммерциялық дауларды, соның ішінде мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетика, қаржылық қызметтер, банк ісі, ислам қаржылары, сақтандыру және зияткерлік меншік салаларында шешу бойынша көпжылдық тәжірибеге ие жетекші халықаралық төрешілер мен медиаторлардың өзіндік тізілімі бар. ХТО-ның төрелік шешімдері Қазақстан Республикасының аумағында және халықаралық деңгейде мойындалады және орындауға жатады. https://iac.aifc.kz/