АХҚО Соты, Халықаралық төрелік орталығы және Ташкенттегі Халықаралық Вестминстер Университеті Өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты (бұдан әрі – АХҚО Соты) мен Халықаралық төрелік орталығы (бұдан әрі – ХТО) бірінші тараптан және Ташкенттегі Халықаралық Вестминстер Университеті (бұдан әрі – ТХВУ) екінші тараптан Өзара түсіністік туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойды. Келісім ұйымдардың арасындағы ынтымақтастықты кеңейтеді және Ташкент қаласында ашылған Тыңдаулар залын пайдалануға жол ашады.

Келісімге АХҚО Соты мен ХТО тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт және ХТВУ Ректоры Бахром Миркасимов қол қойды. Келісім коммерциялық даулардың тараптарына Ташкенттегі ТХВУ базасында ашылған халықаралық үлгідегі Отырыстар залында өтетін тыңдауларға қатысу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар студенттер үшін АХҚО Соты мен ХТО-да тағылымдамадан өтіп, әрі қарай АХҚО-ның резидент-компанияларында жұмысқа тұру мүмкіндігі туып отыр. Студенттер АХҚО Соты мен ХТО-ның білім беру бағдарламаларына қатысатын болады, сол сияқты жыл сайын наурыз және қазан айларында ұйымдастырылатын студенттердің халықаралық байқауларында жарысқа түседі.

Ташкентке сапар шеңберінде АХҚО Соты мен ХТО Өзбекстанның заңгерлік және іскери орта өкілдерімен кездесті, Еуразия аймағында коммерциялық дауларды шешу жөнінде презентация өткізілді, АХҚО Соты және ХТО ұсынатын қызметтер мен Қазақстанға инвестициялауды қалайтын өзбекстандық бизнес өкілдері үшін қосымша мүмкіндіктер таныстырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ОРАЛУ