АХҚО Cоты мен ХТО 2023 жылы пайдаланушылар комитетінің екінші отырысын өткізді
АХҚО Соты мен ХТО 2023 жылы АХҚО Соты мен ХТО пайдаланушылар комитетінің екінші отырысын өткізді. Комитет қазіргі және әлеуетті пайдаланушыларға бірінші қолмен үйренуге және АХҚО Соты мен ХТО ұсынатын дауларды шешу қызметтерін дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді. Оның құрамына халықаралық, аймақтық және отандық заң фирмаларының заңгерлері, сондай-ақ АХҚО органдары кіреді.
Кездесуде қатысушылар АХҚО Сотының және ХТО-ның қорытындысын талқылады – 2201 іс сот талқылауы, арбитраж немесе медиация тәртібімен сәтті шешілді. Іс-шарада АХҚО Сотында тараптардың мүддесін қорғайтын адвокаттардың жаңа этикалық кодексі, сондай-ақ адвокаттарға құжаттарды дайындау бойынша жаңа практикалық нұсқаулықты әзірлеу мәселелері талқыланды.
АХҚО Соты, ХТО және Наркоз университеті арасындағы ынтымақтастықтың кеңеюін ерекше атап өтуге болады, ол заң факультетінің студенттерін оқытуды және олардың тағылымдамадан өту бағдарламаларына қатысуын қамтиды. 2022 жылы АХҚО Соты мен ХТО Нархоз университетінің кампусында Сот тыңдаулары залын ашты. Палатада бірінші іс 2022 жылы судья Лорд Фолкс КС қатысуымен қаралды. АХҚО Соты және ХТО залы Алматыда орналасқан инвесторлар үшін дауларды шешудің барынша жеңілдігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
АХҚО Соты мен ХТО осындай залдарды тағы сегіз еуразиялық елде ашты: Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан. Еуразиядағы АХҚО Соты мен ХТО қызметтерін кеңейту бастамасы Қазақстанға Еуразия елдерінен келетін инвесторлар үшін ұсынылатын қызметтердің қолжетімділігі мен ыңғайлылығын одан әрі жақсарту мақсатында іске қосылды. Бұл бастама Еуразиядағы ең үздік халықаралық стандарттарға сәйкес коммерциялық дауларды шешу ұйымдары ретінде АХҚО Сотының және ХТО-ның көрінуін арттырады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмыс істей бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде беку болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Соты тәуелсіз институт болып табылады. Ағылшын жалпы құқығының қағидаттары мен нормаларына және озық халықаралық іс-тәжірибеге негізделген өзіндік процессуалдық нормалары бар. АХҚО Соты өз қызметін тәуелсіз атқарады және Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. Екі деңгейден тұрады: Бірінші инстанциядағы сот, оған ұзақ даулар соты ретінде белгілі мамандандырылған бөлімше және Апелляциялық сот кіреді. АХҚО шеңберінде жүзеге асырылатын қызметпен және операциялармен байланысты туындайтын дауларға қатысты және барлық тараптар АХҚО Сотына юрисдикция беруге жазбаша нысанда келісетін дауларға қатысты айрықша юрисдикцияға ие. Ол қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы қандай да бір дауларға қатысты юрисдикцияға ие емес. Істерді жүргізудің заманауи және тиімді әдістері қолданылады. https://court.aifc.kz/
Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) тәуелсіз институт болып табылады. Үздік халықаралық іс-тәжірибе үлгісі бойынша әзірленген өзіндік процессуалдық нормалары бар. Орталықта төрелік және медиация жолымен коммерциялық дауларды, соның ішінде мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетика, қаржылық қызметтер, банк ісі, ислам қаржылары, сақтандыру және зияткерлік меншік салаларында шешу бойынша көпжылдық тәжірибеге ие жетекші халықаралық төрешілер мен медиаторлардың өзіндік тізілімі бар. ХТО-ның төрелік шешімдері Қазақстан Республикасының аумағында және халықаралық деңгейде мойындалады және орындауға жатады. https://iac.aifc.kz/